Жаңалықтар

Flyarystan әуекомпаниясының ұшағы құстармен қақтығысты

Белгілі қазақстандық әуекомпанияның ұшағы құстармен қақтығысып, апатты жағдайда тап бола жаздады. Оқиға Орал-Астана бағыты бойынша орын алды. 

2025 жылдың 26 қаңтар күні Flyarystan FS 7366 әуекомпаниясының рейсі кезінде әуеде құстармен соқтығысудың орын алғаны белгілі болды. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі хабарлайды. 

"Ұшақ жүйелері мен қозғалтқыштарының жұмысында ауытқулардың болмауына байланысты экипаж ұшуды жалғастырып, Астана әуежайында штаттық режимде қонуды жүзеге асырды. Астанаға қонғаннан кейін ұшақтың бірнеше зақымдануы анықталып, соның ішінде сол жақ қозғалтқыштағы компрессорлық қалақтар мен фюзеляж аймақтары бұзылып, құстардың қалдықтары табылды. Құстардың түрлерін анықтау үшін қалдықтар ДНҚ-тестілеуге бағытталады", - делінген компания хабарламасында.

Сондай-ақ авиакомпаниялар IATA мәліметтері бойынша елдегі мұндай оқиғалардың деңгейі әлемдік көрсеткіштен айтарлықтай жоғары екенін хабарлады.