LRT қыркүйекте іске қосылады
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің есепті баяндамасында көптен бері құрылыс жұмыстары жүріп жатқан ЛРТ (жеңіл рельсті көлік) жобасы туралы айтылды.
Астана әкімі Женіс Қасымбектің есебінде көптен күткен LRT құрылысы туралы да сөз қозғалды.
Өткен жылдың желтоқсанында Астанада көлік жүйесін дамытуға арналған кешенді бағдарлама бекітілді.
Көлік қозғалысының артуына байланысты қоғамдық көлікті дамыту мен жолдардың өткізу қабілетін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Алғашқы кезекте — жаңа көпірлер салу және тұрақ орындарын жақсарту.
«Қалалық маршруттарда күн сайын 1600 автобус қызмет етеді. Екі жылдың ішінде елордадағы қоғамдық көлік паркі 45%-ға жаңартылды. Қалада заманауи және экологиялық келбетті қалыптастыру жұмысы белсенді түрде жүргізіліп жатыр», — деді Қасымбек.
LRT құрылысын жазда аяқтау жоспарланған. Ал қыркүйекте алғашқы пойыздар келіп, сынақ жұмыстары басталады.