Жаңалықтар

«АЭС-тың құрылысын жылдамдату керек» — Тоқаев

Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Қазақстандағы алғашқы атом электр стансиясын салу туралы келісімдер жақын арада жасалатынын айтты.

Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі хабарлайды. 

«Жақын арада біз Алматы облысында бірінші атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша қажетті келісімдерді жасайтын боламыз. Сондай-ақ екінші атом электр станциясының құрылыс алаңдарын анықтау бойынша өңірлерде талдау жұмыстары аяқталуда», - деді Премьер-Министр.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр станциясын салу мәселесін шешуді тездету қажеттігін айтқан болатын.

«Біз атом электр станцияларының құрылысын жеделдетуіміз керек. Қазақстанды ядорлық энергетикасы дамыған, жасанды интеллектпен толыққанды жұмыс істейтін дамыған елге айналдыруымыз керек деп айтқан болатынмын»,-деді Президент.