Трамптың әйелі Ақ үйде түскен алғашқы суретімен бөлісті (Фото)
Америка Құрама Штаттарының 47-президенті Дональд Трамптың жұбайы Мелания Трамп Ақ үйде АҚШ-тың бірінші ханымы ретінде түскен суретімен көпшілікті тәнті етті.
54 жастағы Мелания Трамп үстіне ақ костюм киген. Бұл суретті ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі.
Ақ үйдегі бірінші ханым Мелания Трамптың ресми портреті, – деп жазба қалдырды АҚШ-тың 78 жастағы президентінің әйелі.
2025 жылдың 20 қаңтарында Дональд Трамп АҚШ-тың 47-президенті лауазымына кірісті.