Қазақстанның 20 жоғары оқу орны жасанды интеллект бойынша мамандар даярлауда
Қазақстанда 20 жоғары оқу орнында жасанды интеллект саласының мамандарын даярлау басталды. Бұл туралы Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр мәлімдеді.
Қазақстанда 20 жоғары оқу орнында жасанды интеллект саласының мамандарын даярлау басталды. Бұл туралы Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр мәлімдеді. Сонымен қатар, Олжас Бектеновтың айтуынша, елде «Болашақ» бағдарламасы аясында арнайы квота енгізілген.
Бұл бағытқа Қазақстан басшылығы тарапынан ерекше көңіл бөлінуде. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Астанада Халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылмақ. Сондай-ақ, «AI-Sana» бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарлама бойынша биыл 100 мың студентке жасанды интеллектті экономиканың әртүрлі салаларына енгізудің қолданбалы дағдылары үйретіледі.
Жасанды интеллект саласындағы тиімді стартап жобаларды әзірлеуге арналған маңызды алаңдардың бірі – Astana Hub технопаркі. Қазіргі уақытта бұл технопаркте 1,6 мың IT-компания тіркелген, олардың әзірлемелері әлемнің түрлі елдеріне экспортталуда.