Анаға арналған ерекше 5 тілек
Ана – мейірім мен махаббаттың, даналық пен қамқорлықтың үлгісі. Оның қолдауы мен жылуы біз үшін өмірдің негізгі тірегі. Анаға арналған тілек әрқашан жүректен шығып, ең ерекше сезімдерді жеткізуі тиіс.
Newsroom.kz тілшісі төменде аналарға арналған әсерлі тілектер топтамасын ұсынады.
1. Шексіз алғыс пен махаббат
Қымбатты анашым! Сіз менің өмірімнің нұрлы шамысыз. Сіздің мейіріміңіз бкн махаббатыңыз әрдайым жүрегіме жылулық сыйлайды. Өміріңіз әрдайым шаттыққа толы болып, жанарыңызда бақыт ұшқыны сөнбесін. Сізге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық пен қуаныш тілеймін!
2. Жүрек жарды тілек
Анашым, сіздің әр айтқан сөзіңіз, әр жасаған ісіңіз– мен үшін үлгі. Сіздің қолдауыңыз мен ақылыңыз болмаса, мен бүгінгі жетістіктеріме жетпес едім. Бүгінгі таңдаған жолым – сіздің жылуыңыздың арқасы. Бар болғаныңыз үшін мың алғыс!
3. Қамқор анаға арналған тілек
Асыл анашым, сіз біз үшін бар өміріңізді арнадыңыз. Сіздің қамқорлығыңыз бен мейіріміңіз бізді бақытқа бөлейді. Алдағы өміріңіз тек шаттыққа толсын. Біздің қуанышымыз сіздің жаныңызды жадыратсын! Әрқашан аман-сау болыңыз!
4. Адалдық пен мейірімге толы тілек
Ана, сіздің жүрегіңіз шексіз мейірім мен адалдықтың символы. Сіз бізді әрқашан қолдап, өмірдің қиын сәттерінде сүйеу бола білдіңіз. Сізге шексіз алғыс айтамын. Өміріңіз шуақты, жүзіңіз жадыраңқы болсын!
5. Махаббатқа толы тілек
Анашым, сенің өмірімдегі орның ерекше. Сенің күлкің мені қанаттандырады, сенің жанарың маған сенім сыйлайды. Бар тілегім – сенің әрқашан аман-сау болып, өмірдің бар қызығын көріп жүруің. Мен сені шексіз сүйемін!
Қорытынды
Аналарымызға арналған жүрекжарды тілектер оларды қуантуға, ерекше сезімге бөлеуге жеткілікті. Бұл тілектерді мереке күндерінде ғана емес, кез келген сәтте айту маңызды. Себебі анамызға деген махаббат пен алғыс – мәңгілік сезім.