Назарбаев Университеті Times Higher Education әлемдік рейтингінде үздік 200 қатарына кірді
азарбаев Университеті (NU) халықаралық Times Higher Education (THE) рейтингінде білім беру және медицина бағыттары бойынша үздік 200 университет қатарына кірді, - деп хабарлайды newsroom.kz
Жалпы сыналған 9 бағыттың бесеуі үздік 500 қатарына кіреді. Рейтинг оқу орындарының бағдарламаларын оқыту, зерттеу ортасы, зерттеу жұмыстарының сапасы, индустриямен байланыс және интернационализациялау дәрежесі сияқты критерийлер бойынша бағалады.
2023 жылы NU алғаш рет беделді THE рейтингіне кіріп, 501-600 диапазонына жайғасып,әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарының қатарына кірді. 2024 жылы NU пәндік рейтингтегі нәтижелерін жақсартты. Университет білім және медицина салалары бойынша ең жақсы көрсеткіш көрсетіп отыр. NU білім бағыты бойынша өткен жылы 251-300 позициясынан 176-200-ға дейін көтерілді. Осы кезеңде университеттің медициналық пәндері де 501-600-ден 401-500-ге дейін өсім көрсетті.
«Бұл университетіміздің академия және зерттеу саласында мінсіздікке ұмтылатынының бірден-бір дәлелі. Ол оқытушылар, зерттеушілер, студенттер мен қызметкерлеріміздің еңбегінің нәтижесі әрі өз істеріне деген адалдығының белгілі. Жеткен жетістіктерімізбен мақтана отырып, әрі қарай осы жолда дамуға міндеттеме алып отырмыз», — деді университеттің алған асулары туралы NU президенті доктор Вакар Ахмад.