Қазақстан бітімгерлері өз мерекесін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі «Хабар 24» сілтеме жасап.
Сарбаздарымыз 2018 жылдың қазан айында БҰҰ бітімгершілік әскерінің қатарына қосылып, Ливанда қызмет етіп келеді. Жоғары кәсіби біліктілігімен көзге түсіп, БҰҰ-ының бейбітшілік қызметінде медальдарымен марапатталды. Бас хатшы Антониу Гутерриш ұйымның жұмысына қосқан үлесі үшін барлық жауынгерге алғыс білдірді.
Биылғы мереке «Бітімгер әйелдер – бейбітшілік кепілі» тақырыбына арналды. БҰҰ штаб-пәтерінде қызметі кезінде қаза болған барлық бітімгердің құрметіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы: – Біз БҰҰ бітімгершілік әскерінде қызмет еткен бір миллионнан аса адамға және осы борышын орындау кезінде қаза тапқан 3900-дан астам сарбазға құрметімізді көрсетеміз. Сондай-ақ, қазір әлемнің түкпір-түкпірінде қызмет етіп жүрген 95 мың полицей мен жауынгерге алғыс білдіреміз.