АҚШ президенті Дональд Трамп 2023 жылы Джо Байден қабылдаған, жасанды интеллектке байланысты тәуекелдерді азайтуға бағытталған жарлықты жойды. Байденнің жарлығы жасанды интеллект әзірлеушілерін өнімдерді іске қоспас бұрын олардың қауіпсіздігін тексеруге, алгоритмдердегі біржақтылықты жоюға және тест нәтижелерін үкіметпен бөлісуге міндеттеген болатын. Трамп бұл шаралар инновациялардың дамуын тежейді деп санайды және жасанды интеллекттің дамуын сөз бостандығы мен адамзаттың өркендеу принциптеріне сүйене отырып қолдауға уәде беруде, алайда оның саясатының егжей-тегжейі әлі анықталған жоқ.