Алматыда жаяу жүргіншілер серуендеуі үшін автокөліктер қозғалатын кейбір көшелер жабылады, - деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі
Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Ақпаратты қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі парақшасында растады.
"@Askar_Baitassov жазғандай, сарапшылармен демалыс күндері автокөліктердің қозғалысы үшін кейбір көшелерді жабу мәселесін талқыладық. Бұл учаскелер жаяу жүргіншілер аймағына айналады. Қай көшелер екенін кейінірек хабарлаймыз. Дайын болыңыздар", - деп жазды қала әкімі.
https://twitter.com/sagintayev_b/status/1266277128636530690?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1266277128636530690%7Ctwgr%5E&ref_url=https%3A%2F%2Fkaz.tengrinews.kz%2Fkazakhstan_news%2Falmatyida-demalyis-kunder-kosheler-jabyiladyi-sagyintaev-308983%2F
Айта кетейік, қала өміріндегі өзгерістер туралы ақпарат бүгін Twitter-де жарияланған болатын. Бұл туралы кәсіпкер Асқар Байтасов жазған. Алайда әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер ақпаратты алдымен жоққа шығарып, жалған екенін мәлімдеді.