Медицина

Денсаулық сақтау министрлігі метапневмовирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Денсаулық сақтау министрлігі жаңа вирустың таралуына қатысты қазақстандықтарға мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Метапневмовирусының штамдары елімізде ЖРВИ және тұмау ауруларының маусымдық өсуі кезеңінде таралады. Ол ауа тамшылары және тұрмыстық қарым-қатынас арқылы жұғады.

Инфекцияның негізгі белгілері - жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу, тырысу, бас ауруы. Нақты ем жоқ, тек симптоматикалық емдеу қолданылады.

Қазіргі уақытта аталған вирус Қазақстанда да кеңінен тарап жатыр. 2024 жылдың 1 қазанынан бастап ел бойынша:

• ЖРВИ-дің 2 002 335 жағдайы;

• Зертханалық расталған тұмаудың 941 жағдайы;

• А(H1N1) типті тұмаудың 910 жағдайы;

•  А(H3N2)-1 жағдайы;

•  В тұмауының 30 жағдайы тіркелді.