Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Боран мен бұрқасында полиция жол қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етті?

Ішкі істер министрлігі өткен тәулікте көлік құралдарын сүйемелдеу мен жолдардағы шектеулер туралы мәліметпен бөлісті, – деп хабарлайды newsroom.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Боран мен бұрқасында полиция жол қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етті?
Фото: Polisia.kz

Мәліметтер бойынша, 3 қаңтарда еліміздің cегіз облысында 15 жол учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Атап айтқанда, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Абай облыстарында.

Тәулік ішінде полиция 3 710 көлік құралын сүйемелдеді, оның ішінде 2 820 жеңіл және 890 жүк көлігі бар. 4 қаңтарда Астана – Щучинск тасжолының учаскесінде шамамен 4 500 көлік құралын сүйемелдеу ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта ішкі істер органдары қала маңындағы жолдарда тәулік бойы қызмет атқаруды жалғастырып жатыр.

– Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыздар. Полиция әрдайым жаныңызда! – деді ІІМ жол қозғалысына қатысушыларға жасаған үндеуінде.