Әлем

Швейцарияда никаб киюге тыйым салына ма?

Швейцарияда 1 қаңтардан бастап паранжа мен никаб киюге тыйым салынды.Бұл туралы ТАСС агенттігі мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

«Енді паранжа мен никабты дүкендерде, мейрамханаларда, мемлекеттік мекемелерде және қоғамдық көліктерде киюге болмайды. Дегенмен, бетті жабатын киімдерді культтық орындарда, карнавалдарда немесе суықтан қорғану мақсатында қолдануға рұқсат етілген. Ереже бұзғандарға 100-ден 1000 швейцарлық франкке дейін (110-1102 АҚШ доллары) айыппұл салынады», - деп жазды басылым.