Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жылды қалай қарсы алмақ
Қазақстан президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды қалай қарсы алатынын айтып берді,-деп хабарлайды newsroom.kz
"Мемлекет басшысы Жаңа жылды еліміздің миллиондаған азаматы секілді өз шаңырағында, туыстарымен бірге мерекелік дастарқан басында қарсы алады. Президенттің Жаңа жылда шетелге шығу немесе демалу туралы жоспары жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлының демалысқа уақыты тапшы деуге болады. Президент мереке күндері де жұмыс істейді, құжаттар қарайды", - деп хабарлады Берік Уәли.
Айта кетейік, 2025 жылдың 3 қаңтарында «Ана тілі» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлемді сұхбаты жарияланады. Бұл туралы бұған дейін Президенттің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеген болатын.
2024 жылы Президент 11 облыста болып, онда 60-тан астам нысанды аралап, жергілікті тұрғындармен кездесті. Сонымен қатар, форумдар мен кездесулер сияқты 41 іс-шараға қатысып, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлерімен 137 кездесу өткізген.