Ауғанстанда ер адамдарға үйлердің терезелерінен әйелдерге қарауға тыйым салынды
Ауғанстан Ислам Әмірлігінің жоғарғы басшысы үйлердің терезелеріндегі әйелдерге қарауға тыйым салды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Жаңа жарлыққа сәйкес, Ауғанстан тұрғындарының үйлеріндегі терезелер көрші үйлерден әйелдер көрінбейтін етіп орналастырылуы керек.
Жарлықта, егер үйлердің терезелері әйел адам тұратын көрші ғимараттың ас үйіне қараса, онда ғимараттарды бір-біріне жақын етіп салуға болмайтыны жазылған.
Сонымен қатар терезе басқа тұрғын үйге қарайтын болса, онда оның алдына биіктігі адам бойындай қабырға салу керектігі ескертілген.