Жылан жылына жаңа жылдық дастарханды қалай сәндеуге болады?
Санаулы күннен соң, жаңа 2025 жыл келеді. Биылғы жыл Жылан жылы болғандықтан, дастарханды жыл символына қарай қалай сәндеу идеясын,- назарға ұсынамыз,- деп хабарлайды newsroom.kz
Дастарханның түсі
Биылғы жыл - ағаш Жылан жылы болғандықтан, жыл иесінің түсіне сай дастарханда жасыл түске басымдық беруге кеңес беріледі. Мамандардың пікірінше, Жылан жылының негізгі түсі жасыл болғандықтан, дастарханды да дәл осы түсте таңдаған абзал. Сонымен қатар, жасыл реңк - шырша, жаңа жылдық декордың классикалық үлгісі болғандықтан, дастарханыңызды осы түстен таңдасаңыз, еш ұтылмайсыз.
Жаңа жылдық дастарханды сәндеу үшін, алдымен дастархан матасы, ыдыстарды дастарханға қою және декор элеменеттерін анықтап алу қажет. Ол үшін, жайылатын дастарханның қандай матадан тігілетініне мән беріңіз. Мамандар 2025 жылы жібек, таза мақта мен зығыр маталарына басымдық берілетінін айтады. Сол сияқты дастархан матасымен бірге майлықтардың да тура сол матадан тігілгені жөн. Сол сияқты қол сүртетін майлықтарды да, таңдаған стиліңізге қарай орналастырсаңыз болады. Қыз-келіншектер дастарханды таңдаған соң, талғамына қарай жаңа жылдық ыдыстар мен қасық, шанышқыларды сәндеп қоюы тиіс.
Бұл бағытта да әр адам өз қалауын таңдағаны жөн болады. Мәселен, кейбір әйелдер жаңа жылдық дастарханды безендіру барысында қарапайымдылыққа мән беріп, үйдегі тәрелке, бокалдарды дастарханға қойса, енді бірі шырша, Аяз ата үлгілеріндегі ыдыстарды таңдауы мүмкін. Жаңа жылдық дастарханды әзірлеуде майшам, шырша шишкалары, шырша ойыншықтары, грилянда, гүл сынды қосымша элементтерді де ұмытпаған жөн болады. Олардың әрқайсысын таңдаған стиліңізге қарай бейімдеп, қалауыңызша дастарханды сәндесеңіз болады.
Жалпы, мамандар 2025 жылы - ағаш Жылан жылына арналған дастарханды сәндеу барысында, төмендегі кеңестерге құлақ түруді ұсынады:
• Жылан шығыс мәдениетінде ақыл, парасат, құпиялылық пен күштің белгісі. Сол себепті дастарханды сәндеу барысында оның образы иректер, ерекше үлгідегі ыдыстар мен бояулардың қанықтығы арқылы көрініс табады.
• Дастарханға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін, оған бар болғаны бірнеше шырша бұтағын немесе алқызыл лентаны қойсаңыз болғаны.
• 2025 жылы мерекелік дастарханды безендіру барысында барынша табиғи материалдарды пайдаланыңыз: аршаның немесе қылқан тәрізді ағаштардың бұтақтары, балғын жемістер және т.б.
• Жаңа жылдық дастарханды сәндеуде айрықша бұйымдарды қойып қажет емес, бастысы қолда бар заттармен, жаңа жылдық тақырыптағы құралдармен дастарханды сәндеп шықсаңыз жеткілікті.
• Жаңа жыл шыршаның хош иісі, мандарин мен тәтті печеньелермен байланыстырылатындықтан, аталған заттарды дастарханға қоюды ұмытпаңыз.
• Жақындарыңызға ерекше көңіл-күй сыйлағыңыз келсе, әрқайсысына құттықтау пен тілек жазып, тәрелкеге салып, тілегіңізді жаңа жылдық сувенирмен толықтырыңыз.
Жаңа Жылан жылы - дастарханды сәндеу барысында, жоғарыдағы кеңестерге құлақ салуды ұмытпаңыз. Бастысы дастархан безендірудің қай үлгісін таңдасаңыз да, барлығын махаббатпен даярларсаңыз болғаны.