«Төсекте тәжірибелі болғаным үшін, жас жігіттер көп хабарласады» - атыраулық әйел

20 Наурыз, 2020 846 0

Өзін Әлия деп таныстырған әйел Атырау облысындағы мұнай компанияларының бірінде вахталық жұмыс істейді. Орта жасқа келсе де әлі тұрмыс құрмапты. Есесіне, айналасында жас жігіттер көп екенін алға тартқан ол, өзінің еркек атаулыға кенде емес екенін жасырмайды.

Оның айтуынша, жас жігіттер де, орта жастарғы ер азаматтар да төсекте тәжірибелі әйелдерді қалап тұрады. Сондықтан, жасы үлкен болса да, жап-жас, сымбатты жігіттер Әлияға қызығады екен. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған.

«Жасым 42-де. Әлі отбасылы емеспін. Мен қатарлы әйелдер баяғыда тұрмыс құрып, бала тауып, немерелі болып отыр. Бірақ байқағаным, қатар құрбыларымның көбі некеде бақытсыз. Әрине, оған себеп көп. Солардың бірі – ер азаматтың сырттан қызық іздеуі. Мен бұған тек әйелдерді кінәлаймын. Өйткені, көрпе астындағы қимылда көп тәжірибесі жоқ немесе күйеуінің көңілінен шығуға барын салмайтын әйелден ер азамат сырт айналары анық. Мәселен, менің жасым келіп қалғанын мойындаймын. Бірақ, айналамда жас жігіттер көп. Өйткені, еркектер төсекте тәжірибелі әйелді қалап тұрады», - деген ол өз жазбасында.

Әлия бұл жағдайға байланысты, қыз-келіншектерге тегін кеңес беруге әзір екенін де жасырмаған. Тек оны қазіргі қазақ қоғамы қабылдай алмайтынын айтып қынжылыпты.

 

 

Тегтер: Атырау, вахталықжұмыс, мұнай, тәжірибе

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.