Ақтау маңындағы әуе апатына байланысты Embraer компаниясының ресми мәлімдемесі
Embraer компаниясы Ақтау қаласы маңында Embraer 190 ұшағымен болған әуе апатына байланысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды newsroom.kz
Компания басшылығы оқиғаға байланысты қайғысын білдіріп, зардап шеккендердің отбасыларына, достарына және әріптестеріне көңіл айтты.
"Біз бүгін Қазақстанның Ақтау қаласы маңында Embraer 190 ұшағымен болған оқиғаға қатты қайғырып отырмыз. Зардап шеккендердің отбасыларына, достарына, әріптестеріне және жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Біз жағдайды мұқият бақылауда ұстап отырмыз және тиісті органдарға толық қолдау көрсетуге дайынбыз," – делінген мәлімдемеде.
Компания өкілдері оқиғаның мән-жайы туралы ақпарат алу үшін тиісті билік органдарымен тығыз байланыста жұмыс істеп жатқанын және қажетті көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті. Б