«Барыс» ХК Еуропадағы ең көп жанкүйер жинайтын клубтар тізімінде

20 Наурыз, 2020 89 0

Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) ресми сайтында Еуропадағы ең көп жанкүйер жинайтын клубтардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.
Тізімде елорданың «Барыс» хоккей командасы осымен екінші жыл қатарынан ең көп жанкүйер жинайтын 30 клубтың қатарына еніпті.
Биылғы Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) маусымында «Барыстың» матчтарына орта есеппен 6816 көрермен келген. Ал өткен жылы 6448 көрермен болған-ды. Аталған көрсеткіш бойынша «Барыс» отыз клубтың ішінде 24-орын алды.
Сондай-ақ, биыл клуб жалып рейтингте 5 сатыға жоғарылаған.
Айта кетейік, жоғарыда айтылған тізімде «Барыстан» бөлек, ҚХЛ-да бақ сынайтын 7 команда бар. Олар: СКА, «Динамо Мн», «Спартак», «Йокерит», ЦСКА, «Ақ Барс» және «Локомотив».
Швейцарияның «Берн» клубы 19 жыл бойы көш бастап келеді. Швейцария астанасының намысын қорғайтын бұл команданың әр кездесуіне орташа есеппен 16 237 жанкүйер келеді.

Тегтер: Барыс, хоккей, спорт

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.