Бостандыққа шыққан марқұм Шерзат Болаттың әкесі видеоүндеу жариялады
Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов уақытша ұстау изоляторынан шыққан соң видеоүндеу жасады. Бұл туралы желіде Шерзат Болат ісі туралы мәлімет беріп жүрген парақшада жарияланды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Видеоны Instagram желісіндегі Justice_for_Sherzat парақшасы жариялады.
"Ассалаумағалейкүм, қазақ елі! Аллаға шүкір, мен қазір үйдемін, мен қазір отбасыммен біргемін, бала-шағамның қасындамын. Қорқатын ештеңе жоқ, Шүкір", - деді ол видеода.
Сондай-ақ видеожазбаның астында Қаржаубайдың қазір отбасы мен туыстарының қасында екені жазылған.