Алматыда муай-тайдан әлем чемпионы кісі қолынан қаза тапты
Муай-тай федерациясы 20 жастағы Әли Серіктің қаза болғаны туралы ақпаратты растады, - деп хабарлайды newsroom.kz
"Алматы қаласынан қаралы хабар келді. Муайтайдан ересектер арасында әлем чемпионы Серік Али бұзақылар қолынан қаза тапты. Чемпионымыздың отбасына, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтымыз. Бекем болыңыз", - деп мәлімдеді Қазақстанның муай-тай федерациясы.