Адам етін жейтін тайпалар жайлы не білеміз?
Әлемде көшпен бірге дамуды жөн көрмейтін және адам сенгісіз салт-дәстүрі бар халықтар да кездеседі.Адам етін жейтін халықтарды назарға ұсынамыз - деп хабарлайды newsroom.kz
Бразилия, вари тайпасы.
Вари тайпасы Амазония ормандарын мекен етеді. Бүгінде олардың саны екі мың ғана. Оңтүстік америкалық тайпалардың ішінде өркениетті әлемге ең соңғы болып қадам басқан осы - варилықтар болды. Бұл жайт 1960 жылдары болды. Дәл осы кезде күллі әлем олардың адам сенгісіз салты туралы білді.
Варилықтар адам қайтыс болған соң оның денесін барлық туысқандары жиналғанша, күзетіп тұрады. Бұл әдетте, үш күн уақытты алады. Марқұмның барлық жақындары жиылғанда оның денесін өртеп, артынан жеуге кіріседі.
Бұл үрдіске қайтыс болған адамның жақын туысқандары қатыспайды. Олар марқұмның денесімен өзгелер азықтанып болғанша қарап отырады. Сонымен қатар марқұмның бар жиған мүлкін де өртеп тастайды. Бұлайша варилықтар адам өлімінен кейін, ол туралы естеліктерді де жоюға тырысады. Олар үшін марқұмды жерге көму нағыз ақылға қонымсыз нәрсе болып табылады.
Караваи тайпасы, Жаңа Гвинея
Жаңа Гвинеядағы Папуада адам жегіштер өте көп. Азық-түлік тапшылығынан адамдар жиі өз таныстарының етін жеуге мәжбүр. Алайда, соңғы кездері бұл мекенді жайлаған эпидемия арқасында каннибализм деңгейі төмендеп кетті. Бірақ бұл жайт караваи тайпасына қатысты емес. Олар үшін қайтыс болған адамның етін жеу - кек алу деп есептеледі.
Фиджидегі адам жегіштер
Жоғарыда аталып өткен адам жегіштер тұрғындарды етін жеу үшін өлтірмейді. Олар тек, белігілі бір жағдайда қайтыс болған адамның етін қолданады. Алайда, Фиджи аралындағы тайпа үшін бұл түсінік мүлде басқаша.
Олар үшін керісінше, қарны ашқан кезде тірі жанды өлтіріп оны қорек ету қалыпты жағдай айналып кеткен. Фиджи аралына аяқ басқан туристердің оларға жем болғаны анықталған.