Елордада бір мыңнан астам адам қаржы пирамидаларына алданып қалды
Елордада бір мыңнан астам адам қаржы пирамидаларына алданып қалды
Елордада пириамидасын құру фактісі бойынша 4 қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дмитрий Демидов айтты, деп хабарлайды Newsroom+ ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті қаржы пириамидасын құру фактісі бойынша 4 қылмыстық істі тергеп жатыр. Олардың ішінде бәріне белгілі «ESTATE Ломбард», «Выгодный займ», «Гарант 24 Ломбард» сынды ірі фактілер де бар. Сонымен қатар ойын түріндегі «Қазандық» деп аталатын қаржы пирамидасы тіркелген. Бүгінде ірі қаржы пирамидасы мен интернет алаяқтық жасаға күдіктілердің басым бөлігі ұсталды.
Атап айтқанда, «ESTATE Ломбард» қаржы пирамидасының 6 ұйымдастырушысы анықталып, төртеуі ұсталды және екеуі іздестіріліп жатыр. «Выгодный займ» бойынша 2 ұйымдастырушы ұсталып, біреуі тергелуде. Екіншісі де ешқайда кетпеу туралы қолхатпен тергеу шараларына қатысады. Қазіргі уақытта зардап шегушілерді жинап жатырмыз», - Дмитрий Демидов. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «ESTATE Ломбард» ЖШС-нан 236 адам зардап шеккен. Олар 682 млн теңге қаражаттарынан айырылып отыр.
Ал «Выгодный займ» ЖШС-нан зардап шеккендер 159 адамға жетіп отыр. Бұл азаматтар да 90 млн теңгелерінен қағылған. 891 адам 3 млрд 155 млн теңгелерін «Грант 24 Ломбард» ЖШС-на салып жіберген. Мұнан бөлек WhatsApp мессенджерінде «Реальные доходы-1» және «Реальные доходы-2» тобы қаржылық пирамидасын құрғаны үшін А.Тұңғышбекова мен Л.Алтаеваға қатысты қылмыстық іс тергеп тексерілуде. Оларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.