Қоқыстан шыққан миллиардер

20 Наурыз, 2020 191 0

Анасы туып, қоқысқа тастаған бала немесе милиардер Фредди Фиггерстің өмірі. 31 жастағы миллиардер Фредди Фиггерс Figgers Wireless ірі телекоммуникациялық компаниясының басшысы. 

Соңғы деректерге сенсек, байлығы 62 миллион долларды құрайды екен. 

Қазіргі жетістігіне қарап, милиардердің осы күнге жетуіне бақуатты жанұяда туылуына байланысты шығар деген ой келеді. 
1989 жылы Флорида штатында дені сау, шекесі торсықтай,қара бала дүниеге келеді. Жарық дүниені жаңа көрген сәбиден құтылғысы келген анасы, қоқысқа лақтырып кетеді. Сәбидің іңгалаған даусын естіген жақын маңдағы адамдар полицияға хабар береді. Осылайша өлім аузынан аман қалған нәресте балалар үйіне өткізіледі.  Екі аптадан соң Натан және Бэтти Фиггерстер баланы асырап алады. Олар өте қарапайым өмір сүрді. 
Бала 9 жасқа толғанда әкесі 25 долларға бұрын қолданыста болған компьютер сыйлайды. Жаңасын әпреуге шамасы жетпеген. Қазір есіне алса, балалық шағы шынымен қиыншылыққа толы болыпты. 13 жасында өз бетімен компьютерлерді жөндей бастады. Осылайша ол бүкіл қалаға компьютерлік қызмет көрсете бастайды. 15 жасында қиын техниканың жөндеу жұмыстарын жүргізетін жеке компаниясының негізін қалайды. Алдымен өз үйінің қонақ бөлмесінде жұмыс атқара бастайды.
Осы кезде асырап алған әкесі Альцгеймер ауруына шалдығады. Ол әкесінің аяқ киіміне қойылатын GPS-трекер ойлап табады. Осылайша әкесін қайда жүрсе де бақылап отырады. 19 жасар оның дәл осы озық технологиясын ірі компаниясы 2,2 миллиона долларға сатып алады.
Осылайша ісі өрге домалай бастайды. Бүгінде оның компаниясы әлемдік ірі компаниялар Apple, Samsung, Verizion сынды алпауыттармен бәсекелес. 
Сондай-ақ, оның тағы бір туындысы  кез-келген компьютердің ішіндегі барлық деректерді сақтайтын "Облакосын"-да, дәл осы Фредди ойлап тапқан. Біраз жыл өткен соң ол жеке өзінің компаниясын басқаруды қолға алады. 30 дан жаңа асқан оның бүгінде жүзге жуық ойлап тапқан жетістіктері бар екен.
Фредди өзінің асырап алған ата-анасының құрметіне The Figgers Foundation атты қайырымдылық қорын құрған. Ол үйсіздер мен тастандыларға және т.б қайырымдылық көрсетеді.

Тегтер: Миллиардер, ФреддиФиггерс, FiggersWireless

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.