Жаңалықтар

О, дүние-ай: Фостерге шүйліккен депутат желіге жазба қалдырды

Депутат Еділ Жаңбыршин Air Astana  президенті Питер Фостерге компанияның кемшілігін айтқаны жайында өз Facebook парақшасында жазба қалдырды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Фостерге компаниясының кемшілігін айтамын деп енді арпылдаған, дарақы "мәдениетсіз депутат" болыппын. 
О, дүние-ай, қайтейін! Үндемей, түйеқұсқа ұқсап, құмға басымды тығып, "мәдениетті депутат" болғаннан көрі,  осындай "мәдениетсіз депутат" болғаным артық! Кейде ондайларға "қыртымай, менің орныма келіп отырып көріңдер", - дегім келеді, - деп жазды депутат.