Әлем

Бразилияның таулы курортында ұшақ апатқа ұшырап, 10 адам қаза тапты

Бразилияның Азаматтық қорғаныс агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні шағын ұшақ туристер көп көретін бразилиялық қалаға құлап, борттағы барлық 10 жолаушы қаза тауып, жердегі оннан астам адам жараланған,- деп хабарлайды newsroom.kz

Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Жергілікті ақпарат құралдары ұшақты отбасымен Сан-Паулуға сапар шеккен бразилиялық кәсіпкер Луис Клаудио Галеазци басқарғанын хабарлады.