“Абориген емеспіз”: Жаңбыршин Фостерге осылай депті
Көлік, жол мәселесі талқыланған мәжіліс отырысында депутат Еділ Жаңбыршин Эйр Астана басшысы Питер Фостерге қазіргі мәселелерді айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz
Депутат Фостердің Парламентке бірінші рет келіп отырғанын есіне салды. Депутат оған қарата сөз айтқанда компания басшысы езуін тартқан. Осы жағдай Жаңбыршиннің ашуына тиіп кетсе керек.
Сізге бір рет қана сұрақ қойылды. Бірақ сіз Қазақстанға келгеннен кейін бірінші кезекте Қазақстан азаматтарының мүддесін қорғауыңыз керек. Қазақстанның заңын сыйлауыңыз керек. Ақшаны бәріміз жақсы көретін шығармыз, бірақ сіз пайда көреміз деп, билет бағасын көтере бермеңіз. Билет бағасы 60 мың теңгеден 120 мың теңгеге кетіп қалады. Ережелердің бәрін оңай қылыңыздар. Сіз күлмеңіз. Сіз бізді менсінбей отырсыз. Біз сізге Африкадағы абориген емеспіз. Ештеңені түсінбейтін! Ойнамаңыз, бізді күліп менсінбей. Бұл Парламент! Осы жерде отырғандардың бәрі – халық сайлаған адамдар, – деді ол.