YouTube коронавирусқа байланысты видеолар сапасын төмендетеді

20 Наурыз, 2020 134 0

Бүгіннен бастап YouTube видеосервисі сайтта жарияланатын бейне роликтердің сапасын әдейі нашарлатады, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.
Ақпарат көзінің айтуынша, бұл коронавирусқа байланысты Еуропа елдерінде интернетке түсетін ауыртпалықты азайту үшін жасалып отыр. Айта кетейік, қазір Еуропа толық карантинде отыр.
YouTube-қа иелік ететін Alphabet корпорациясының басшысы Сундар Пичай (Sundar Pichai) мен YouTube жетекшісі Сьюзен Войжицки (Susan Wojcicki) Ішкі нарық бойынша еурокомиссар Тьерри Бретонмен кездескен соң, осы шешемге келген. Бретонның айтуынша, трафиктегі видеоконтент мөлшері көп, әрі интернет байланысын баяулатып отыр.

Тегтер: Еуропа, карантин, сақтықшаралары, интернет

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.