Жаңалықтар

Әлемдегі ең ірі электр ұшақ көкке көтерілді

Әлемдегі ең ірі электр ұшақ көкке көтерілді

АҚШ-та толықтай электр қуатымен жұмыс істейтін әлемдегі ең үлкен ұшақ көкке көтерілді, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі «Хабар 24» сілтеме жасап.  width= Экологиялық лайнер 30 минуттай ұшқан соң халықаралық «Мозес Лейк» әуежайына келіп қонған. Жоба авторларының айтуынша,  ұшақ 2021 жылдан бастап коммерциялық рейстерді атқара бастайды. 9 орындық әуе кемесі табиғатқа еш залалсыз.