Аймақтар

Петропавлда 3 жасар баланың көзіне пышақ кіріп кеткен

Петропавлда көпсалалы облыстық балалар ауруханасына ауыр жағдайда көзіне пышақ кірген бала жеткізілді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы El.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 19желтоқсанда болған. Анасының айтуынша, үстелден құлағанда баланың көзіне пышақ кіріп кеткен. Пышақты алаған кезде, ол есінен танып қалған.

Бірден реанимациялық іс- шаралар басталды,жүрек өкпе қызметі қалпына келтірілді.Нейрохирург пен офтальмолог дәрігерлер көмекке келді,-делінген аурухана таратқан ақпаратта.

Балада ашық бас миының жарақаты, мидың, көздің ауыр жарақаты бар.Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде.