Жаңалықтар

Қазақстан БАӘ-ге былтырғыдан екі есе көп қой етін жіберген бе?

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Біріккен Араб Әмірлігі Мемлекеттік сыртқы сауда министрі Тани бен Ахмед Аль Зейудимен кездесті. ,- деп хабарлайды newsroom.kz

Арман Шаққалиев Қазақстанның органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін, соның ішінде БАӘ-де танымал салқындатылған қой етін және жоғары сапалы ұн, күнбағыс майы, кондитерлік өнімдер мен сүт өнімдерін экспорттауға дайын екенін айтты.

«2024 жылдың 10 айында құны 45,3 млн долларды құрайтын 13,3 мың тонна қой еті экспортталды. Өткен жылға қарағанда екі есе көп, экспорттық түсім 64%-ға артты», - деді А.Шаққалиев.

Кездесуде қазақстандық тауарларды LuLu, Grandiose сияқты ірі БАӘ сауда желілеріне шығару мәселелері де талқыланды.