БҰҰ Бас Ассамблеясы Ресейдің неонацизмге қарсы қарарын мақұлдады
БҰҰ Бас Ассамблеясы Ресей ұсынған «Нацизмді, неонацизмді және нәсілшілдік пен ксенофобияны дәріптеуге қарсы күрес» қарарын қабылдады
Қарарды 119 мемлекет қолдады, 53 ел қарсы шықты, 10 ел қалыс қалды. Қарсы дауыс бергендер: Германия, Италия, Канада, АҚШ, Украина және Жапония. Қолдаушылар қатарында: Әзербайжан, Беларусь, Бразилия, Қытай, Куба, Сербия, Алжир және Армения бар.
Құжаттың негізгі мазмұны:
Нацизмді дәріптеу мен тарихты бұрмалауды қатаң айыптау;
Тарихи шындықты қорғау және Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелерін қайта қарауға жол бермеу;
Адамзатқа қарсы қылмыстарды жоққа шығармау шараларын қабылдау.
Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Мария Заболоцкая бұл қарардың «нацизмге қарсы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға» бағытталғанын айтты. Ол «Нюрнберг трибуналының шешімдері Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындысын біржола бекіткенін» атап өтті.
Ресей қарарды 2005 жылдан бері жыл сайын ұсынып келеді. Биылғы құжатта білім беру саласында нәсілшілдік пен өшпенділік насихатына қарсы күрес мәселесі ерекше аталды.
Қосалқы авторлар: Беларусь пен Түрікменстан.