Франция президенті «Шидо» дауылынан кейін ұлттық аза тұту жариялауды жоспарлап отыр
21 адам қаза тауып, жүздегені жарақат алды: Франция президенті «Шидо» дауылынан кейін ұлттық аза тұту жариялауды жоспарлап отыр
Франция президенті жойқын «Шидо» дауылынан кейін Майотта аралына баруды жоспарлауда. Сонымен қатар, елде ұлттық аза тұту күні жарияланбақ.
BFMTV телеарнасының хабарлауынша, арал билігі дауыл салдарынан 21 адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Тағы 45 адам ауыр халде, ал 1373 адам орташа деңгейдегі жарақат алған.
Еске сала кетейік, 14 желтоқсанға қараған түні Францияның теңіз асындағы аумағына «Шидо» циклоны соғып, ауқымды қирауларға әкелді. Алдын ала болжам бойынша, тұтас елді мекендер жойылған. Желдің жылдамдығы 225 км/сағ дейін жеткен. Бұл — соңғы 90 жылдан бергі ең күшті дауыл.
Францияның Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Майоттада 100 мыңнан астам заңсыз мигрант тұрады.