2 жыл бойы ақша жинаған: Колледж студенті тұтқындалды
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары кәмелетке толмағандар арасында қорқытып алу фактілерін анықтағанын мәлім етті
Ленинград ауылшаруашылық колледжінің студенттерімен жеке әңгімелесу барысында бірінші курс студенттерінен ақша қаражатын жүйелі түрде қорқытып алу фактісі анықталған. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Прокуратураның материалдарына сүйене отырып, бұл факт Қылмыстық кодекстің 194-бабының 1-бөліміне сәйкес Ақжар аудандық полиция бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.
“Ақжар аудандық сотының ағымдағы жылғы 28 қарашадағы үкімімен аталған колледждің үшінші курс студенті осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды” делінген аймақтық прокуратура хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.