Олимпиада алауы Токиоға аттанды

20 Наурыз, 2020 51 0

Грекия Олимпиада алауын Жапонияға табыс етті. Салтанатты рәсім Афинадағы стадионда өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz ке сілтеме жасап.
 Әлемде коронавирустың қарқын алуына байланысты алауды табыстау рәсімі көрерменсіз өтті. Алау эстафетасында Олимпиада чемпиондары Катерина Стефаниди мен Лефтерис Петрунис қатысқан. Өкінішке қарай, алауды қабылдау рәсіміне жапониялық спортшылар келе алған жоқ. Олар видеохабарлама жіберді. Ұйымдастырушылар театрландырылған қойылымды да көрсеткен жоқ. 
Ресми дерек бойынша, Грекия Олимпиада комитетінің президенті мен ХОК мүшесі Спирос Капралос алауды Токио-2020 ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Наоко Имотоға ұсынған. 
Енді Олимпиада алауы Токионы шарлайды.

Тегтер: олимпиада, грекия, токио

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.