Әлем

Мектепте атыс болып, үш адам қайтыс болды: АҚШ-та жағдай қиын

Қаза тапқандардың бірі мұғалім, енді біреуі оқушы екені белгілі болды. 

Оқиға Висконсин штатының әкімшілік орталығы Мадисон қаласындағы христиан мектебінде болды. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі BAQ.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жарақат алған алты адам ауруханаға жатқызылды, оның екеуінің жағдайы ауыр. Жергілікті полицияның хабарлауынша, күдікті осы мектептің оқушысы болған. Полиция оқиға орнына келгенде күдіктіні өлі күйінде тапты, алайда тәртіп сақшылары қару қолданбағанын мәлімдеп отыр.