Қостанай облысында Volvo мен Toyota Alphard көлігі соқтығысып, 3 адам мерт болды
Оқыс оқиға кеше түстен кейін Қостанай облысының Қарасу ауданына қарасты Герцен ауылына жақын жерде, «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолының бойында болған,- деп хабарлайды newsroom.kz
«Жол апатында ауыр жарақат алған үш адам сол жерде көз жұмды, тағы үшеуі Әулиекөл аудандық ауруханасына жатқызылды. Қазір полиция тергеуді бастады», деп хабарлады Қостанай облысы Полиция департаменінен.
Жол апатында Volvo мен Toyota Alphard көлігі бір-біріне соғылған.