Өзбекстан президенті 300-ге жуық бастықты жұмыстан қуып жіберді
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев экономика саласының 297 басшысын жұмысқа жауапсыз қарағаны үшін жұмыстан шығарды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы repost.uz сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, олардың орнын заманауи көзқарастағы бастамашыл жастар басты.
«Қатаң ескертемін, елді мекенге бармаған басшы тұрғындардың, кәсіпкерлердің мәселесін шешпейді, жұмыс істемейді. Бәрі өзгеруі керек», - деді Шавкат Мирзиёев.