Тәуелсіздік күнімен құттықтаған әкім текстінен дау шықты ма?
Тәуелсіздік күнімен құттықтаған Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың құттықтауына Еркеғали Балажанов өз Facebook парақшасында пікір білдірді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Демалыста іштеріңіз пысса Жетісай қаласының әкімі Серік Мамытовтың парақшасына кіріп көріңіздер. Обалы не керек, әкім жетісайлықтарды әдемілеп құттықтапты. Алайда, әдеттегі ұрлықы құттықтау. Мамытов бұған дейін де бірнеше рет өз жерлестерін плагиат текст қолданып құттықтаған. Бұл жолы да солай. Басқа-басқа бүгін әкім жетісайлықтарды өз сөзімен құттықтауы керек еді,- деп жазды Еркеғали Балажанов.