Энергетика министрлігі саланы 2035 жылға дейін дамыту бойынша 26 ГВт жаңа қуат енгізу жоспарын бекітті
Энергетика министрлігі 2024 жылғы қорытынды бойынша энергетика саласын дамытудың негізгі жетістіктері мен перспективаларын мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Энергетика министрлігі саланы 2035 жылға дейін дамыту жөніндегі кемінде 26 ГВт жаңа қуат енгізуді көздейтін жоспарды әзірледі және бекітті.
ЖЭК саласында бүгінгі күні белгіленген қуаты 2 903,7 МВт 148 ЖЭК нысаны (100 кВт-тан жоғары) іске қосылды және жұмыс істейді. Олардың қатарында:
– Қуаттылығы-1 409,55 МВт жел электр станцияларының 59 нысаны;
– Қуаттылығы-1 222,61 МВт күн электр станцияларының 46 нысаны;
– Қуаты 269,785 МВт болатын 40 гидроэлектростанция нысаны;
– Қуаты 1,77 МВт болатын биогаз электр станцияларының 3 объектісі бар.
Өткізілген аукциондық сауда-саттықтың және "ЖЭК бойынша РФО" ЖШС-мен жасалған шарттардың қорытындысы бойынша жиынтық қуаты 1 682,4 МВт 66 ЖЭК жобасын пайдалануға беру жоспарлануда. Тартылған инвестициялар сомасы шамамен 720 млрд теңгені құрайды.
Атап айтқанда:
- Қуаты 311,11 МВт болатын 34 гидроэлектростанция нысаны:
- Қуаты 1 110 МВт жел электр станцияларының 20 объектісі;
- Күн электр станцияларының 9 нысаны 250 МВТ;
- Қуаты 11,35 МВт биогаз электр станцияларының 3 объектісі.
2027 жылға дейін Энергетика министрлігі ЖЭК жобаларын іске асыру бойынша жалпы белгіленген қуаттылығы 4 500 МВт-тан астам ЖЭК генерациясының әр түрлі түрлеріне аукциондық сауда-саттық өткізуді жоспарлап отыр.
Жылу генерациясы бойынша
Биылғы жылы Екібастұз ГРЭС-1-де қуаттылығы 500 МВт жаңа генерацияның бірінші энергоблогы желіге қосылды, жыл соңына дейін Атырау ЖЭО-да тағы 65 МВт, сондай-ақ 2025 жылы Топар ГРЭС-те 130 МВт іске қосылады деп күтілуде.
Қолданыстағы электр станцияларын реконструкциялау және кеңейту есебінен қосымша 5,6 ГВт іске қосу қамтамасыз етілетін болады, оның ішінде 2024 жылы министрлік энергия өндіруші ұйымдармен жалпы қуаты 1,4 ГВт 13 инвестициялық келісім жасасты. Осындай жобалардың қатарында қуаты 325 МВт Ақсу ГРЭС-на №7 блоктың құрылысы, Қарағанды ЖЭО-3-те қазандық агрегатының құрылысы және турбинаны ауыстыру және "Karabatan Utility Solution" ЖШС-нің бу-газ қондырғысын 310 МВт-тан 620 МВт-қа дейін кеңейту бар.
Сонымен қатар, 2024 жылдың тамызында Қазақстанда жалпы қуаттылығы 700 МВт болатын кезекті аукциондық сауда-саттық өтті, оның қорытындысы бойынша Жамбыл, Ақтөбе және Атырау облыстарында бу-газ қондырғыларын сату құқығына төрт жеңімпаз анықталды. Қазіргі уақытта олар аяқтау мерзімі 2028 жылға жоспарланған жобаларды іске асыруға кірісті.
2029 жылға дейін инвестициялардың көлемі 8 трлн теңгеден астам болады деп күтілуде. Үкіметаралық келісім шеңберінде стратегиялық инвесторлардың қатысуымен қуаты 2 ГВт ауқымды жобаларды пысықтау жүргізілуде.
Жылыту маусымына дайындық және өту
Еліміздің электр станцияларында 2024 жылы 10 энергоблокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. 9 энергоблокта, 53 қазандықта, 39 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. Соңғы кезеңдердегі жөндеу жұмыстары 1 энергоблокта, 2 қазандықта және 6 турбинада жүргізілуде.
Уақытылы жүргізілген жұмыстардың арқасында жылыту кезеңін тұтастай ұйымдасқан түрде бастауға және оны ірі технологиялық бұзушылықтарсыз жүзеге асыруға мүмкіндік туды.
Қазақстанның ұлттық электр желісін дамыту жұмыстары жалғасуда
2023 жылғы қарашада "Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту" жобасы сәтті іске асырылды, оның шеңберінде "Батыс Қазақстан энергожолы-Атырау – Маңғыстау"бағыты бойынша ұзындығы 780 км 220 кВ электр беру желісі (ЭБЖ) салынды. Бұл қадам электр қуатының өткізу қабілеті мен сенімділігін арттыруға бағытталған.
Келесі қадам ретінде 2028 жылдың соңына дейін батыс аймақтың электр желілерін бірыңғай электр энергетикалық жүйемен біріктіру жобасы іске асырылатын болады, ол үшін Ақтөбе және Атырау облыстарын жалғайтын ұзындығы 604 км 500 кВ ЭБЖ салынады.
Қазіргі уақытта ЖСҚ әзірлеу жүріп жатыр.Елдің солтүстік және оңтүстік өңірлері арасындағы байланысты одан әрі күшейту, сондай-ақ транзиттік әлеуетті арттыру үшін кернеуі +/- 500 кВ "Солтүстік-Оңтүстік" тұрақты ток желілерін салу жоспарлануда.
Қазақстанның бүкіл біртұтас электр энергетикалық жүйесін айналып өтуге мүмкіндік беретін елдің батыс және оңтүстік аймағын жалғайтын тұрақты ток желісін салудың орындылығын зерделеу жүргізілуде.
АЭС
Атом генерациясын құру жоспарларын іске асыру және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу міндеті тұрғысында 2024 жылғы 6 қазанда Республикалық референдум өткізілді, онда азаматтардың көпшілігі АЭС салу идеясын қолдады. Қазіргі уақытта Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылының маңында 2-ден 2,8 ГВт-қа дейінгі атом электр станциясының құрылысы қаралуда, сондай-ақ ядролық технологияның әлеуетті жеткізушілерімен келіссөздер жүргізілуде, үкіметаралық комиссия құрылды, ол барлық вендорлардың ұсыныстарын бәсекелестік негізде қарайды.
Жаңартылатын, баламалы энергия көздерін және газ генерациясын енгізу электр энергиясын тұтыну көлеміндегі көмір генерациясының үлесін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Осылайша, 2035 жылға қарай көміртекті офсетке жылына 44 млн.тн СО2 деңгейінде қол жеткізу жоспарлануда.