Жаңалықтар

Түркістан облысында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды

Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сүйенсек, сағат 12:00-ден бастап ауа-райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар А-2 «Хоргос-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» автокөлік жолының 593-620 шақырым бөлігінде транзиттік жүк автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бұл Жамбыл облысы шекарасынан Түлкібас ауданы Т. Рысқұлов ауылы аумағын қамтиды.

Ал, өңірдің полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікке түсіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында жұмыс істеп жатыр. 

- Жүргізушілер мен жолаушыларға жолдарда мұқият болуды, жол ережелерін сақтап жүруді ескертеміз. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз, - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.