Омбы-Майқапшағай трассасында жол апатынан бірнеше адам зардап шекті
Абай облысында жол апаты тіркелді. Оқиға Омбы-Майқапшағай тасжолының 655-шақырымында кеше сағат 23:15 шамасында болған,- деп хабарлайды newsroom.kz
Hyundai Accent пен Chevrolet Aveo көліктері бетпе-бет соқтығысты. Жол апатынан жүргізушілер мен жолаушылар зардап шекті. Олар шұғыл түрде Бесқарағай аудандық ауруханасына жеткізілді.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда.