ШҚО-дағы демалыс орынындағы аспалы жолда тросс үзіліп, бір адам жарақат алды
ШҚО-дағы демалыс базасында аспалы жолда тросс үзіліп, жаттығуда жүрген спортшылардың бірі иығынан жарақат алды. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап.
ШҚО әкімдігінің мәліметінше, оқиға 14 желтоқсанда тау-шаңғы курортында болған.
Аспалы жолда тросс үзіліп, жаттығуда жүрген спортшылардың бірі иығынан жарақат алды. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды.
"Ауыр жарақат анықталмағанымен мамандар 2013 жылы туған спортшыны толық медициналық тексеру үшін Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығына алып кетті. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының өкілдері, Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері мен Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тұмашинов келді", - делінген ақпаратта.
Тросс үзілуінің себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Мәселе облыс әкімінің жеке бақылауына алынған.