Бүгін Тұманбай Молдағалиевтің туған күні

20 Наурыз, 2020 61 0

Нәзікте сырлы, ойлы да отты жырларымен қазақ поэзиясында өзіндік айрықша қолтаңбасын қалдырған тұлға, тұма жырдың Тұманбайы аталған дара ақын осыдан 85 жыл бұрын дүниеге келген күн. 
Мемелекеттік сыйлықтың иегері ақын Тұманбай Молдағалив 1935 ж 20-шы наурызда Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданы Жарсу ауылында дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде әдеби қызметкер болудан бастаған. «Пионер» журналының әдеби қызметкері, «Жазушы» баспасының редакторы, аға редакторы, «Балдырған» журналының жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. «Балдырған» журналының бас редакторы болды. Тұңғыш өлеңдер жинағы 1957 жылы «Студент дәптері» деген атпен жарық көрді. Содан бергі уақыт ішінде ақынның қырықтан астам кітабы басылды. Бірнеше жинақтары орыс тілінде Мәскеу, Алматы баспаларынан шықты. Орыс және батыс классиктерінің, сондай-ақ туысқан республикалар ақындарының өлендерін қазақшалаған. Н.Тілендиевтің, Ш.Қалдаяқовтың, Ә.Бейсеуовтың көптеген әндеріне өлең жазған («Құстар қайтып барады», «Әнім сен едің», «Ертіс вальсі», «Шақырады көктем», т.б). «Парасат» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған. Республика Комсомолы сыйлығының, Бүкіл Түркі дүниесі ақындарының Физули атындағы Халықаралық сыйлығының иегері.


Тегтер: ТұманбайМолдағалиев, ШəмшіҚалдаяқов, Туғанкүндер, Жаңалықтар,

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Алаштың айбоз абызы

21 Қыркүйек, 2019

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.