«Менің атым Қожа» кітабы француз тіліне аударылды
Қазақ әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Менің атым Қожа» кітабы француз тіліне аударылды.
Қазақ әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығын ЮНЕСКО деңгейінде атап өту аясында бірқатар іс-шара ұйымдастырылды. Туған жері Нарынқолда жазушыға ескерткіш орнатылып, орталық саябаққа есімі берілді. Сондай-ақ шығармалары шет тілдеріне аударылды. «Менің атым Қожа» кітабы француз тіліне аударылып, Парижде тұсаукесері өтті, - деді өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берген Марат Сұлтанғазиев. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі хабарлайды.
Одан бөлек, облыс әкімі көру қабілеті бұзылған балаларға арналған Брайль шрифтімен басылған еліміздегі алғашқы қазақ тіліндегі «Айналайын» кітабы жарық көргенін айтты.
- Кітап шығаруға ақын Мақпал Мыса бастамашы болды. Бұл жинақ балалардың дамуына тең мүмкіндіктер беріп, толыққанды өмір сүрулеріне ықпал етеді. Сонымен қатар мәдениет саласы бойынша Райымбек және Кеген аудандарында мәдениет үйлері салынды және 6 мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Кеген ауданындағы екі мәдениет үйді жөндеу жұмысы биыл аяқталады, - дейді М. Сұлтанғазиев.