Жаңалықтар

Жамбыл облысында жасөспірімдер қыз баланы зорлаған

Жамбыл облысының полициясы кәмелетке толмаған қызға жасалған зорлық-зомбылық дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр

Әлеуметтік желілерде бірнеше жасөспірімнің қызды зорлағаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі бойынша ("Кәмелетке толмаған адамға қатысты топ болып зорлау") соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

"Тергеу барысында үш кәмелетке толмаған күдікті анықталып, ұсталды. Екі күдіктіге қатысты сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды, ал үшінші күдіктіге жеке кепілгерлік шарасы белгіленді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, тараптардың танысу кезеңі жүріп жатыр", – деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.