Әлем

400 млрд доллар: Илон Маск «шіріген» байға айналды

2024 жылы Илон Маск тағы бір маңызды экономикалық белесті бағындырды. Оның байлығы 400 миллиард доллардан асып, адамзат тарихындағы ең бай тұлғалардың бірі ретінде қайтадан әлем назарына ілікті.

Илон Масктың байлығының артуына бірнеше маңызды факторлар ықпал етті. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі хабарлайды. 

1. Tesla-ның табысы: Электромобильдер шығаратын Tesla компаниясының нарықтық құны 2024 жылы рекордтық деңгейге жетті. Жаңа модельдердің сатылымы мен компанияның жаһандық ауқымда кеңеюі табыстың басты драйверіне айналды.

2. SpaceX жобалары: Масктың ғарыштық бағдарламалары да ірі табыстарға қол жеткізуде. SpaceX коммерциялық ұшырылымдар мен Starlink интернет желісін кеңейтудің арқасында миллиардтаған доллар пайда әкелді.

3. Қаржылық инвестициялар: Маск жасанды интеллект және жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларға инвестиция салу арқылы да үлкен табысқа қол жеткізді.