Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
29 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

8 мыңнан аса шымкенттікке коммуналдық қызмет шығыны төленген

8 мыңнан аса шымкенттікке коммуналдық қызмет шығыны төленген

8 мыңнан аса шымкенттікке коммуналдық қызмет шығыны төленген
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен «Nur Otan» партиясы активінің бейнеконференция мәжілісі өтті. Жиын барысында Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» республикалық қоғамдық қорымен атқарылып жатқан жұмыстар мен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың төтенше жағдай кезінде халықты әлеуметтік қолдау шаралары, партия Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбектің Шымкентке жасаған іссапарында және ҚР Премьер-министрі А.Маминнің азаматтарды қабылдау кезінде берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды.
Мәжілісте сөз алған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Н.Ергешбек төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеуге 1,5 млрд. теңге қаржы қаралғанын айтты.
–Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтер шығындарын өтеу бойынша бүгінгі таңға 17 586 азаматтың өтінімі мақұлданып, мамыр айына жоспарланған 8 333 азаматқа төленген. Қалған өтінімдер бойынша жұмыс жүргізілуде»,-деді Н.Ергешбек.