Жаңалықтар

Шымкентте судья 110 млн теңге пара алған

Шымкенттің Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына қатысты тергеу аяқталды

Агенттік Шымкенттің Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына және басқа да адамдарға қатысты тергеуді аяқтады. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Олар алаяқтық жасағандары және үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін сотталушының жұбайын 110 миллион теңге мөлшерінде пара беруге итермеледі деп айыпталған. Бас прокуратура биылғы 5 желтоқсанда қылмыстық істі сотқа жолдады", - делінген хабарламада