15 тәулікке тұтқындалды: Шерзаттың әкесіне үкім шықты
Еңбекшіқазақ аудандық соты Талғарда қайтыс болған Шерзат Болаттың әкесін 15 тәулікке қамауға алды
Әкімшілік іс жүргізу тәртібімен С. Нұрымова ұсақ бұзақылық жасағаны (ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі) үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі), атап айтқанда, қоғамдық орында былапыт сөйлеу, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қорлап тиісу, қоршаған ортаға құрметсіздік танытатын әрекеттер жасау, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзу, сондай-ақ көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіру бойынша Қ. Нұрымов 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", – делінген хабарламада.